Тілдер күнімен!

Тілдер күнімен!

Құрметті астрахандықтар!

Қазақстан халықтарының тілдері мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қазақстан халықтарының тілдері күні Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығымен ана тілін, өз елін сүюге және құрметтеуге тәрбиелеу және өзге ұлттардың тілдері, дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту мақсатында жарияланды.
Бүгінгі таңда еліміздегі мектептерде қазақ тілімен қатар республикамызды мекендеген халықтардың 10-нан астам ұлттық тілдері оқытылуда. Тілдер күні - еліміздің барлық азаматтарының достығы, туыстығы мен бірлігінің белгісі.

Осы мерекеде Сіздерге бейбіт аспан, береке-бірлік пен ынтымақ тілейміз!