29 тамыз-Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні.Бұл Тәуелсіздіктің жариялануымен ұштасқан аса маңызды оқиғалардың бірі болды. Қазақстан КСРО ыдырағаннан кейін Республика иелік еткен ядролық қарудан батыл бас тартудан бастап, өзінің дәйекті антиядролық бастамаларымен бүкіл әлемге танымал – бұл күші жөнінен әлемдегі төртінші ядролық арсенал болды. Осы бастамалар негізінде 2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Ядролық қарудан еркін әлем құрудың Жалпыға ортақ декларациясын қабылдады.
Полигон жабылғаннан және ядролық қарудан бас тартылғаннан кейін Қазақстан ядролық державалардан қауіпсіздіктің берік кепілдіктерін, Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптарын жоюға осы мемлекеттерден көмек алды.
Семипалатинском полигоне.