Құрметті бейбітшілік пен тыныштық сақшылары!
Сіздер бейбітшілік пен келісімді, ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, барлығының заң алдындағы теңдігіне жауапкершіліктің ауыр жүктемесін көтересіздер.
Болашақта Отанымыздың қауіпсіздік стратегиясын іске асыру жолында сіздердің жанқиярлық еңбектеріңіз табысты болсын, сіздердің азаматтық мәртебелеріңіз көтерілсін!
Кәсіби мерекемен құттықтай отырып, сіздерге тәуелсіз еліміздің жоғары мақсаттарын іске асыруда зор табыс тілеймін!