Есептік кездесуге қатысу

Есептік кездесуге қатысу

Халықпен тұрақты есеп беру кездесулерінің кестесіне сәйкес, Астрахан ауданының әкімі Н.К. Сейіловтың Петровка ауылындағы халықпен аудандық мәслихат депутаты В. В. Ком қатысуымен кездесу өтті.

Кездесуге аудан прокуроры, кәсіпорындар мен мекемелердің басшылары да қатысты.
1 тоқсанда атқарылған жұмыстар туралы Николаев ауылдық округінің әкімі Е.Л. Лысенко баяндама жасады. Аудан әкімі а.ж.1 тоқсанындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндама жасады.

Интернет алаяқтықтың өзекті мәселесі бойынша полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Т.К. Мұхаметжанов сөз сөйледі.