ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ

Құрметті жерлестер!
Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймын! Бұл мереке еліміздің тәуелсіздігін бейнелейтін, барша қазақстандықтар үшін ең маңызды мейрамдардың бірі.
Мемлекеттік рәміздердің мемлекет азаматтары үшін, өсіп келе жатқан ұрпақ үшін маңызы зор. Мемлекеттік рәміздер ұлттық мерекелерден бастап спорттық жеңістерге дейін, Қазақстан тағдырындағы ең маңызды сәттерде барлығымызды біріктіреді.
Бұл мереке күні сіздерге зор денсаулық, бақыт пен амандық, біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін!