СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУ!

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУ!

Құрметті ұстаздар, ата-аналар мен түлектер!
Сіздерді соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Барша ұстаздар, ата – аналар және де оқушылар үшін оқу жылы оңай болған жоқ. Ұстаздар мен ата-аналардың балаларға мейірімділік пен парасаттылықты, жақынға қамқорлықты, Отанға деген сүйіспеншілікті үйрету жолыңдағы еңбектеріңіз аса зор.
Ал жақын болашақта түлектеріміз өздері жоспарлаған жоғары оқу орындарына түсуге тілектеспін.
Осы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, бақыт, амандық және барлық бастамаларыңызға табыс тілеймін!