ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ЖӘНЕ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ЖӘНЕ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ

Облыстық мәслихат төрағасы Б. Жүсіповтың басшылығымен облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының және Ақмола облысы мәслихаттарының қызметін үйлестіру жөніндегі кеңестің бірлескен отырысының жұмысына Астрахан аудандық мәслихатының төрағасы М.Қожахмет қатысты. Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту, жер заңнамасы, білім беру саласына бюджетті бөлу мәселелері, сондай-ақ осы саладағы проблемалар қаралды.
Бірлескен отырыстың қорытындысы бойынша депутаттар мен мәслихаттардың қызметін үйлестіру жөніндегі кеңес мүшелері бірқатар нақты ұсыныстар мен ұсынымдар енгізді.