Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Мәдениет пен өнер адамдарға мәңгілік құндылықтарды еске салады, оларды жақын адамдарына мейірімді болуға үйретеді, адами қарым-қатынас сапасының жақсаруы Сіздің шығармашылық жұмысыңызға, қоғамға әсер етуіңізге байланысты.
Осы мереке күні Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, бақыт, амандық, шабыт және шығармашылық табыс тілеймін!