
2026 жылғы 27 тамызда В.В. Галиновтың төрағалығымен Ақмола облысы, Астрахан ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Жұмыс жоспарына сәйкес келесі мәселелер қаралды:
Отырыста медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, медициналық ұйымдардың халықпен өзара іс-қимылы, сондай-ақ одан әрі шешуді талап ететін бағыттар мәселелері қаралды. Сонымен қатар Жалтыр ауылдық округі әкімінің жұмысы туралы есеп тыңдалды. Қойылған міндеттерді орындау, абаттандыру және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету бойынша нәтижелер атап өтілді. Отырыс қорытындысы бойынша одан әрі жұмыс істеу үшін ұсынымдар қабылданды.