Бүгін Астрахан аудандық мәслихатының кезекті 52-ші сессиясы өтті

Бүгін Астрахан аудандық мәслихатының кезекті 52-ші сессиясы өтті

Бүгін Астрахан аудандық мәслихатының кезекті 52-ші сессиясы өтті, оның барысында Астрахан ауданының әкімі Т.А. Ерсейітов, Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Асхат Базарбайұлы Каркенов қатысып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды мәселелері қаралды.

Депутаттар аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекітті. Талқылау барысында атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылып, бюджеттің атқарылу көрсеткіштері мен мәслихат шешімдері қаралды.

Сондай-ақ сессия шеңберінде аудандық мәслихаттың құзыретіне кіретін басқа да мәселелер қаралды. Барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.