Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының мерекесімен

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының мерекесімен

Құрметті тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

 Кәсіби мерекемен құттықтаймын!

 Сіздің еңбегіңіз халықтың жайлы және қауіпсіз өмірін қамтамасыз ету үшін зор маңызға ие. Сіздің күнделікті және жауапты жұмысыңыздың арқасында сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау жүйелері үздіксіз жұмыс істейді, ауданның тұрақты өмір сүруіне жағдай жасалады.

 Сізге зор денсаулық, амандық, тұрақтылық, апатсыз жұмыс және ауданымыздың игілігі үшін жаңа жетістіктер тілеймін!