
Бүгін аудан әкімі Ерсеитов Т.А.-ның төрағалығымен өткен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссияның кезектен тыс отырысына қатыстым.
Отырыс барысында 2026 жылғы су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындық, көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қою үшін азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйелерінің күштері мен құралдарын дайындыққа келтіру, сондай-ақ аудан аумағындағы өртке қарсы сумен жабдықтау жағдайы (өрт гидранттары мен су көздері) мәселелері қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша жауапты қызметтерге тиісті тапсырмалар берілді.