
Бүгін а.ж. 19 желтоқсанда Астрахан ауданының әкімі Т. Ерсейітовтың қатысуымен аудандық мәслихаттың кезекті 45-ші сессиясы өтті, онда түйінді мәселелердің бірі — Астрахан ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті қаралды.
Сессия барысында депутаттар бюджеттің негізгі параметрлерін, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын, сондай-ақ бюджет қаражатын тиімді және мақсатты пайдалану мәселелерін талқылады. Әлеуметтік саланы қаржыландыруға, инфрақұрылымды дамытуға, білім беруді, денсаулық сақтауды қолдауға және халықтың өмір сүру сапасын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Мәселені қарау қорытындысы бойынша депутаттар ауданның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және жоспарланған бағдарламаларды іске асыруға бағытталған тиісті шешім қабылдады.