Пресс-Аңдатпа

Пресс-Аңдатпа

Арқалық қалалық мәслихаты сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы 2025 жылдың  24 сәуірінде әкімдіктің 8- қабаты акт залында сағат 11.00-де  өтеді.

Анықтама телефоны: 8 (714-30) 7-52-32, 8 (714-30) 7-09-23.

Күн тәртібінде:

  • мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 85 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  • мәслихаттың 2017 жылғы 23 ақпандағы № 83 «Арқалық қаласының бюджеттік комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  • мәслихаттың 2020 жылғы 1 маусымдағы № 320 «Арқалық қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  • Арқалық қаласының кейбір сайлау комиссияларындағы өзгерістері туралы.