Арқалық қалалық мәслихаты сегізінші шақырылымының кезекті сессиясы 2026 жылдың 14 сәуірінде әкімдіктің 2- қабаты мәжіліс залында сағат 15.00-де өтеді.
Анықтама телефоны: 8 (714-30) 7-52-32, 8 (714-30) 7-09-23.
Күн тәртібінде:
- Арқалық аймақтық ауруханасының бас дәрігерінің «Арқалық қаласындағы денсаулық сақтау жүйесінің жұмысы, 2025 жылғы қызмет қорытындысы және 2026 жылға арналған даму жоспары туралы» есебі;
- мәслихаттың 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 202 «Арқалық қаласы ауылдарының және ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- мәслихаттың 2024 жылғы 31 шілдедегі № 118 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылы әлеуметтік қолдау көрсету туралы;
- Арқалық қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2026 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы
- Арқалық қаласының кейбір сайлау комиссияларындағы өзгерістері туралы;
- Арқалық қалалық мәслихатының кезекті ХIII сессиясының күн тәртібін бекіту туралы.