Арқалық қалалық мәслихаты сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы 2025 жылдың 23 желтоқсанында әкімдіктің 2- қабаты отырыс залында. сағат 16.00-де өтеді.
Анықтама телефоны: 8 (714-30) 7-52-32, 8 (714-30) 7-09-23.
Күн тәртібінде:
- Арқалық қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы;
- Арқалық қаласы және қалаға қарасты ауыл мектептерінде білім беруді ұйымдастыру туралы;
- Арқалық қаласында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі қалалық комиссияның құрамын бекіту туралы;
- мәслихаттың 2023 жылғы 19 қазандағы № 72 «Арқалық қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- мәслихаттың 2020 жылғы 1 маусымдағы № 320 «Арқалық қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Арқалық қаласы ауылдары мен ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы;
- Арқалық қалалық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы;
- Арқалық қалалық мәслихатының кезекті ХІІ сессиясының күн тәртібін бекіту туралы.