БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ «Арқалық қаласы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің жобасына

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ  «Арқалық қаласы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің жобасына

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

 

«Арқалық қаласы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің жобасына

 

 

«Арқалық қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесімен мәслихатының «Арқалық қаласы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің жобасы (бұдан әрі - шешім жобасы) әзірленді.

Осы шешім жобасын әзірлеудің мақсаты шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, салық жүктемесін азайту арқылы бизнестің тұрақтылығын сақтау.

Күтілетін нәтиже - 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап төмендетілген салық мөлшерлемесі қолданылады (4%-дан 3%-ға дейін), бұл кәсіпкерлерге қаржылық жүктемені азайтады және жергілікті экономиканың дамуына оң әсер етеді.

Шешім жобасы «Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына сәйкес әзірленді.

Шешім жобасы 2025 жылғы­ 3 қарашада ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15659394

Арқалық қаласы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Арқалық қаласы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері есепті салықтық кезеңде салық салу объектісіне 4 %-дан 3 %-ға төмендетілсін.
  2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.