АРАЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

АРАЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

АРАЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін аудандық мәслихат төрағасының жұмыс бөлмесінде сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті 30 сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық полиция бөлімінің басшысы, аудандық кірістер басқармасы және бөлім басшылары, қала, кент және кейбір ауылдық округ әкімдері, қоғамдық кеңес, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы және Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының басшысы, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы, мәслихат аппараты қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралының өкілі қатысты. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Б.Турахметов ашып жүргізді.
Күн тәртібінде ұсынылған мәселелер:
1.Аудан көлемінде туризмді дамытудың жайы туралы.
Баяндамашы: Н.Бохаев - Арал ауданы әкімінің орынбасары.
2.«2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Арал аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №313 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Т.Рашев – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
3. «Арал ауданы көлемінде құрылған №№1-55 және №382 учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» Арал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №175 шешіміне толықтырулар енгізу туралы.
Хабарламашы: Б.Турахметов – Арал аудандық мәслихатының төрағасы.
4. «Арал аудандық қоғамдық кеңес құрамын бекіту туралы» Арал аудандық мәслихатының 2022 жылғы 4 наурыздағы №214 шешімі жойылды деп танылсын.
Хабарламашы: Б.Турахметов – Арал аудандық мәслихатының төрағасы.
Жалпы сессияның күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, депутаттар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, тиісті шешімдер қабылданды.