Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы сайланды

Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы сайланды

Бүгін аудандық мәслихат төрағасының жұмыс бөлмесінде Арал аудандық Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамының алғашқы отырысы өтті. Отырысты аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының басшысы Амангелді Бөлекбаев ашып, аудандық мәслихаттың төрағасы Базарбай Турахметовтың өкімімен бекітілген қоғамдық кеңестің жаңа құрамын таныстырды. Жиында кеңес мүшелері арасынан Қоғамдық кеңестің төрағасын сайлау рәсімі жүргізілді. Дауыс беру қорытындысы бойынша аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы болып Алдаберген Жоланов сайланды. Мұнан соң аудандық қоғамдық кеңестің төралқа құрамы сайланып, «Арал ауданының қоғамдық кеңесі туралы ережесі» бекітілді.

Қоғамдық кеңес отырысында Арал аудандық мәслихатының шешім жобаларына келісім берілді.

Жиында аудандық мәслихаттың төрағасы Б.Турахметов аудандық Қоғамдық кеңестің жұмысына сәттілік тіледі.

 

Арал аудандық қоғамдық кеңес құрамы

         

Р/с

Аты-жөні

Атқаратын қызметі 

1

Турахметов Базарбай Шөменұлы

Арал аудандық мәслихат төрағасы

2

Бохаев Нұрмұхамет Омарұлы

Аудан әкімінің орынбасары

3

Жоланов Алдаберген Алдиярұлы

Зейнеткер

4

Нұрқожаев Асылхан

Зейнеткер

5

Таңымбетов Адилхан Төлегенұлы

Арал қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы

6

Қабылғазиев Қайырхан Табысұлы

Арал аудандық орталық мешетінің бас имамы

7

Ембергенова Нұрсауле Сайлауқызы

Арал аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры, аудандық мәслихат депутаты

8

Айымбетов Жумабай Ермекбаевич

«Тұран ойпаты-Арал теңізі»

қоғамдық бірлестігінің мүшесі, қоғам белсендісі

9

Абдуллаев Ерғали

«Арал әлемі» газетінің бас редакторы

10

Сисекешов Ғани Амангелдіұлы

«Аралтұз» АҚ зауыт директорының орынбасары

11

Жанабаев Жалдыбай Отарович

Аудандық полиция ардагерлер кеңесінің төрағасы

12

Баймаханова Айнакуль Удербаевна

«Арал теңізі» балықшылар қоғамдық бірлестігінің директоры

13

Елубаев Султан Жаксылыкович

Германия Кеңес әскерінің белсенді мүшесі, жеке кәсіпкер

14

Алдамжаров Серік

Сексеуіл кентіндегі емхананың бас дәрігері

15

Алданов Асылан Ақниязұлы

Жеке кәсіпкер