АРАЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТТІ

АРАЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТТІ

АРАЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 29 сессиясы өтті. Сессия отырысына сессияға шақырылған аудан әкімінің орынбасары, бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралының өкілі қатысты. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Б.Турахметов ашып жүргізді.
Күн тәртібінде ұсынылған мәселелер:
1. «Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы» Арал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 маусымдағы №66 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Хабарламашы: Бохаев Нұрмұхамет Омарұлы – Арал ауданы әкімінің орынбасары.
2. «Арал ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» Арал аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 ақпандағы №182 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Хабарламашы: Бохаев Нұрмұхамет Омарұлы – Арал ауданы әкімінің орынбасары.
3. Аудандық жер комиссиясының құрамын қалыптастыру және ережесін әзірлеу туралы.
Хабарламашы: Дәрібаев Айбек Әділұлы – аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары.
4. Арал ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы.
Хабарламашы: Дәрібаев Айбек Әділұлы – аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары.
5. Арал аудандық мәслихатының «Экономика, қаржы, өндіріс, құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық, ауылшаруашылығы, байланыс, экология және табиғатты қорғау мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмысы туралы есебі.
Хабарламашы: Сауяев Айтуған Сақтапбергенұлы – аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы.
6. Арал аудандық мәслихатының «Жергілікті басқару, білім, мәдениет, спорт, денсаулық, құқық, жастар ісі, әлеуметтік мәселелер» жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмысы туралы есебі.
Хабарламашы: Ибраимова Лаура Қолғанатқызы – аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы.
7. «Арал ауданы көлемінде құрылған №№1-55 және №382 учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» Арал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №175 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Турахметов Базарбай Шөменұлы – Арал аудандық мәслихатының төрағасы.
Жалпы сессияның күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, депутаттар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, тиісті шешімдер қабылданды.