Хабарландыру

Хабарландыру

 Арал аудандық қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс туралы хабарландыру

Арал аудандық мәслихаты Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына және  Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпан күнгі № 69 бұйрықпен бекітілген «Қоғамдық кеңестер туралы үлгілік ережеге» сәйкес Арал аудандық қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – жұмыс тобы) мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс жариялайды.

Ескерту:

Арал ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамында азаматтық қоғамнан (коммерциялық емес ұйымдардан, азаматтардан) өкілдік етудің сандық құрамы 5 (бес) мүше болып айқындалған.

          Коммерциялық емес ұйымдар және әрбір азамат бір ғана кандидат ұсынуға құқылы.

 Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері белгіленген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

    1) №1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы азаматтың өтініші;

         2) кандидатураны (бар болған кезде) жұмыс тобының мүшесіне ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның  жазбаша ұсынысы;

         3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

         4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі. 

      Ашықтықты және объективтілікті қамтамасыз ету үшін жұмыс тобының отырысына коммерциялық емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатарынан байқаушылар қатыса алады. Қоғамдық кеңесті құру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы болуға ниет білдірген адам №2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша байқаушы ретінде қатысу үшін өтінішті Арал аудандық мәслихатына қолма қол ұсынады немесе электрондық поштаға aral_masli73@mail.ru жолдайды.

            Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтардың жұмыс тобына кандидатуралар бойынша және байқаушы болуға ниет білдірген азаматтардың ұсыныстарын қабылдау уақыты: хабарландыру жарияланғаннан кейін  күнтізбелік бес күн мерзім ішінде күнделікті 9.00 мен 19.00 сағат аралығы (жұмыс күндері). Түскі үзіліс 13.00 мен 15.00 сағат аралығы.

«Арал аудандық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің мекен-жайы: Арал қаласы, Астана көшесі №33 үй, «Арал аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі, электрондық пошта aral_masli73@mail.ru,құжаттарды қабылдауға жауапты Ғ.Бисенов, телефон: 2-45-61, ұялы: 87016080061.

Арал аудандық мәслихаты

 

 

№1-қосымша

 

Нысан

 

Кімге __________________________

 

(республикалық деңгейде мемлекеттік органның атауы немесе жергілікті өкілді органның атауы)

 

__________________________ тұратын

 

(елді мекен, көше, үй, пәтер)

кімнен_________________

 

__________________________

(өтініш берушінің аты, жөні,тегі (бар болған жағдайда), жеке куәлік № ____, берілді (қашан, кім))

 

Өтініш

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.

Мен осы өтініш арқылы «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.

Мынадай құжаттарды қоса беремін:

1) ________________________________________________________

2) ________________________________________________________

3) ________________________________________________________

4) ________________________________________________________

5) ________________________________________________________

6) ________________________________________________________

7) ________________________________________________________

 

 

20___ жылғы «____»                Өтініш берушінің қолы ___________

 

 

 

 

 

       

 

 

 

                      Қосымша №2

 

Нысан

Кімге __________________________

 

(республикалық деңгейде мемлекеттік органның атауы немесе жергілікті өкілді органның атауы) __________________________ тұратын (елді мекен, көше, үй, пәтер)

кімнен __________________________

____________________________
(өтініш берушінің аты, жөні, тегі (бар болған жағдайда), жеке куәлік № ____, берілді (қашан, кім))

 

Өтініш

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.

Мынадай құжаттарды қоса беремін:

1) ________________________________________________________

2) ________________________________________________________

3) ________________________________________________________

4) ________________________________________________________

5) ________________________________________________________

6) ________________________________________________________

7) ________________________________________________________

 

 

20___ жылғы «____»                Өтініш берушінің қолы ___________