Саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссиясының Н А З А Р Ы Н А

Саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің және  жоғары тұрған сайлау комиссиясының  Н А З А Р Ы Н А

Саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің және
жоғары тұрған сайлау комиссиясының
Н А З А Р Ы Н А

Аудандық мәслихат «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес аудан көлемінде құрылған №16, №20, №30, №48, №52 учаскелік сайлау комиссияларының құрамына (әрқайсысына 1кандидаттан) сайлау өткізілетіндігін хабарлайды.
Конституциялық Заң талаптарына сәйкес жоғарыда көрсетілген сайлау комиссиясы құрамында өз өкілдері жоқ әрбір саяси партия мен қоғамдық бірлестік тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір-бірден кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден және жоғары тұрған сайлау комиссиясынан ұсыныстар 2024 жылдың 28 қазан - 12 қараша аралығында қабылданады.
Ұсыныста үміткердің тегі, аты, әкесінің аты, оның туған жылы, күні, айы, ұлты (үміткердің келісімімен), білімі, мамандығы, қызмет орны, атқаратын қызметі, қызметтік телефоны, пәтерінің телефоны көрсетіліп, саяси партия немесе қоғамдық бірлестіктердің, жоғары тұрған сайлау комиссиясы басшыларының қолдары қойылған болуы керек.
Жоғарыдағы мәліметтерге қоса мына құжаттар тапсырылуы тиіс:
-саяси партиялардың немесе қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ жоғары тұрған сайлау комиссиясының үміткерді аталған сайлау комиссиясының құрамына ұсынатыны жөніндегі хаттамасынан үзінді;
-саяси партиялар немесе өзге де қоғамдық бірлестіктердің әділет органдарында тіркеуден өткендігі жайлы құжатының көшірмесі;
-үміткерге белгіленген үлгідегі жеке іс парағы, тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, ұлты, білімі, саяси партияға мүшелігі, қызмет орны, атқаратын қызметі, тұрғылықты мекен-жайы, байланыс телефондары, жеке куәлігінің көшірмесі;
-аудандық мәслихат төрағасының атына жазылған үміткердің тиісті сайлау комиссиясының құрамында жұмыс атқаруға келісімі туралы өтініші.
Хабарландыру Арал аудандық мәслихатының ресми сайтында жарияланған.

 

Арал аудандық мәслихаты
Анықтамалар алу үшін: Арал аудандық мәслихатының мекен-жайы: Арал қаласы, Астана көшесі, №33. 3-қабат, №308 бөлме. Тел. 2-45-61, 2-16-61. e-mail: aral_masli73@mail.ru