АРАЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті 37 сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары, бөлім басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері, мәслихат аппараты қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралының өкілі қатысты. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Б.Турахметов ашып жүргізді.
Күн тәртібінде ұсынылған мәселелер:
1.Аудан халқын ауыз сумен қамту жұмыстары туралы.
Баяндамашы: Ш.Есжанов – Арал ауданы әкімінің орынбасары.
2.Аудандағы әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы туралы.
Баяндамашы: Ш.Есжанов – Арал ауданы әкімінің орынбасары.
3.«Арал ауданы көлемінде құрылған №№1-55 және №388 учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» Арал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №175 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Б.Турахметов – Арал аудандық мәслихатының төрағасы.
4.Арал аудандық мәслихатының депутаты Ш.Жангушикованың депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы.
Хабарламашы: Б.Турахметов – Арал аудандық мәслихатының төрағасы.
Жалпы сессияның күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, депутаттар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, тиісті шешімдер қабылданды.