
АРАЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін аудандық мәслихат төрағасының жұмыс бөлмесінде сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 48 сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары, аудандық басқарма және бөлім басшылары, қала әкімі, мәслихат аппараты қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралының өкілі қатысты. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Б.Турахметов ашып жүргізді.
Күн тәртібінде ұсынылған мәселелер:
1. «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 461 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Т.Рашев – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
2. «Арал ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» Арал аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 ақпандағы №182 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Хабарламашы: Ж.Қуатов – Арал ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы.
3. Арал ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы.
Хабарламашы: Ж.Құдайберген – аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.
Жалпы сессияның күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, депутаттар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, тиісті шешімдер қабылданды.