
АРАЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін аудан әкімшілігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 41 сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері, бөлім, басқарма басшылары, мәслихат аппараты қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралының өкілі қатысты. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Б.Турахметов ашып жүргізді.
Күн тәртібінде ұсынылған мәселелер:
Арал ауданының «Қала, кент, ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттерін бекіту», баяндамашылар: қала, кент, ауылдық округ әкімдері, сонымен қатар, Арал аудандық мәслихатының «Экономика, қаржы, өндіріс, құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық, ауылшаруашылығы, байланыс, экология және табиғатты қорғау мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысы туралы есебі, хабарламашы: А.Сауяев – аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы. «Жергілікті басқару, білім, мәдениет, спорт, денсаулық, құқық, жастар ісі, әлеуметтік мәселелер» жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысы туралы есебі, хабарламашы: Л.Ибраимова – аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы және «Арал ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы» Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 маусымдағы № 69 шешімінің күші жойылды деп тану туралы, хабарламашы: Б.Турахметов – аудандық мәслихаттың төрағасы.
Жалпы сессияның күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, депутаттар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, тиісті шешімдер қабылданды.