Меню
Страницы

АРАЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

АРАЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
АРАЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті 40 сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, бөлім, басқарма, мекеме басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері, мәслихат аппараты қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралының өкілі қатысты. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Б.Турахметов ашып жүргізді.
Күн тәртібінде ұсынылған мәселелер:
1.«2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Арал аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №313 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Т.Рашев – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
2. 2026-2028 жылдарға арналған аудан бюджетін бекіту туралы.
Баяндамашы: Т.Рашев – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
3.Арал қаласындағы көшеге жаңа атау беру туралы.
Хабарламашы: Б.Махатов – аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.
4.Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы атқарған жұмысы туралы.
Хабарламашы: Б.Турахметов – Арал аудандық мәслихатының төрағасы.
5.Арал аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.
Хабарламашы: Б.Турахметов – Арал аудандық мәслихатының төрағасы.
6.«Арал аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Қызылорда облысы, Арал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 тамыздағы №73 шешімінің күшін жою туралы.
Хабарламашы: Б.Турахметов – Арал аудандық мәслихатының төрағасы.
Жалпы сессияның күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, депутаттар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, тиісті шешімдер қабылданды.
Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты