Меню
Страницы

АРАЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТТІ

АРАЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТТІ
АРАЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТТІ
 
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 38 сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, бөлім, басқарма басшылары, қала әкімі, кейбір ауылдық округ әкімдері, мәслихат аппараты қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралының өкілі қатысты. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Б.Турахметов ашып жүргізді.
Күн тәртібінде ұсынылған мәселелер:
1.Арал аудандық мәслихатының депутаты Д.Жалғасбаевтың депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы.
Хабарламашы: Б.Турахметов – Арал аудандық мәслихатының төрағасы.
2.«2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Арал аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №313 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Т.Рашев – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
3.Қызылорда облысы, Арал аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №316 «2025-2027 жылдарға арналған Арал қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Б.Ұзақов – Арал қаласының әкімі.
4.«Арал ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Арал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 қазандағы №103 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Хабарламашы: Ғ.Тоғысова - Арал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.
5.Арал ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы.
Хабарламашы: Р.Жанаев - Арал ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы.
6.«Арал ауданы көлемінде құрылған №№1-55 және №382 учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» Арал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №175 шешіміне және «Арал ауданы көлемінде жаңадан құрылған №388 учаскелік сайлау комиссиясын сайлау туралы» Арал аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 тамыздағы №274 шешіміне толықтырулар енгізу туралы.
Хабарламашы: Б.Турахметов – Арал аудандық мәслихатының төрағасы.
Жалпы сессияның күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, депутаттар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, тиісті шешімдер қабылданды.
Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты