Ақкөл аудандық мәслихат депутаттары мен аудан
тұрғындарының назарына.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес, 2025 жылғы 2 мамырдағы сағат 10.00-де, Ақкөл аудандық мәслихат ғимаратында сегізінші шақырылымының кезектен тыс 38 сессиясы өтеді.
Сессияда келесі сұрақтар қаралады:
- . Ақкөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 8 қаңтардағы № С 15-2 «Ақкөл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Ақкөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № С 9-6 «Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және олардың құқықтарын қорғау туралы аудандық комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- . Ақкөл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 11 сәуірдегі № С 37-3 «Ақкөл ауданында шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімін күшін жою туралы.
Ақкөл аудандық
мәслихатының төрағасы С.Абаханов