Ардақты әжелер, аналар! Қымбатты қыз-келіншектер!

Ардақты әжелер, аналар! Қымбатты қыз-келіншектер!

Ардақты әжелер, аналар!

Қымбатты қыз-келіншектер!

 

 

Көктемнің осы бір ең жарқын мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек.

Әйел-аналардың қай заманда болсын өмірдің кез келген саласында өзінің лайықты орны бар.

Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының берекелі тіршілігінің ұйытқысы ғана емес, ол мемлекеттік өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын үлкен қозғаушы күш. Біздің аналарымыз, аруларымыз - бүкіл қоғамды алға сүйреп, ел ынтымағын нығайтып, несібесін молайтып жүрген қуатты күш.

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы әйел баласының жан жылуымен, жүрек сезімімен, сұлулығымен, абзал ақылымен, сезім тазалығымен ғажайып күйге бөленеді. Әйелдің қиыншылықты жеңе білуі, төзімділігі – баршаға өнеге, үлгі.

Баршаңызға мол бақыт, істеріңіздің сәтті болуын, қазақ еліндегі бейбіт пен тыныш өмірдің шырқы бұзылмауын тілеймін!

 

 

Ақкөл аудандық мәслихат

төрағасы                                                                    С.Абаханов