
29 қаңтар күні Ақкөл аудандық мәслихатында 53-ші кезектен тыс сессия өтті. Отырыста депутаттар бірқатар әлеуметтік маңызы бар мәселелерді қарады, оның ішінде Ақкөл орман шаруашылығына «ауыл» мәртебесін беру, Ақкөл қаласының көшелерін қайта атау бойынша ұсыныстар енгізу, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу, сондай-ақ тұрғын үй көмегінің мөлшері мен оны көрсету тәртібіне енгізілген өзгерістерді айқындау мәселелері талқыланды.