
2025 жылғы 26 желтоқсанда Ақкөл ауданының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында 2025 жылғы жұмыс қорытындылары шығарылып, 2026 жылға арналған қызметтің негізгі жоспарлары айқындалды.
Сонымен қатар Қоғамдық кеңес мүшелері тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы, халыққа тұрғын үй көмегін көрсету мәселелері, сондай-ақ Ақкөл ауданы әкімдігінің қаулы жобасын талқылады.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту мәселесіне ерекше назар аударылды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер жан-жақты қаралып, назарға алынды.