
20 қараша күні Ақкөл ауданының мәслихатында кезектен тыс 49-сессия өтті.
Сессияның негізгі мәселесі – Ақкөл ауданында бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану кезіндегі салық мөлшерлемесін төмендету туралы болды. Депутаттар бұл мәселені талқылап, аталған шешімді бекітуге дауыс берді.
Отырыста Ақкөл аудандық мәслихатының депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық бөлімшесінің өкілі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы қатысты.