
Ақкөл аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырысы
2025 жылғы 7 қарашада Ақкөл аудандық мәслихатының ғимаратында мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысы өтті.
Отырысқа аудандық мәслихат депутаттары, сондай-ақ қала әкімі, экономика және қаржы бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімдерінің басшылары қатысты.
Күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелер қаралды. Депутаттар 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалу жоспары мен болжамы туралы ақпаратты тыңдап, өзекті сұрақтар қойып, бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар айтты.
Отырыс қорытындысы бойынша экономика және қаржы бөліміне 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалу жоспары мен болжамын нақтылау және жетілдіру жөнінде ұсынымдар берілді. Сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері қаралып, тиісті ұсынымдар берілді.
Отырыс іскер және конструктивті жағдайда өтті.