
Ақкөл ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті
31 қазанда Ақкөл ауданының әкімі Б. Абдрахмановтың қатысуымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Отырыс барысында халық қалаулылары күн тәртібіндегі мәселелерді қарады.
Сессияда келесі мәселелер қаралды:
1. Ақкөл аудандық мәслихатының №4 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына өткен сайлау қорытындылары туралы аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы.
Ақпаратты Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Динара Болатқызы Жетпісова ұсынды.
2. 2025 жылға Ақкөл ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және жалпы мүлікті күтіп-ұстауға арналған ең төменгі шығын мөлшерін бекіту туралы.
Мәселе бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Рүстем Дулатұлы Найманов баяндама жасады.
Жүнісов Мұрат Қуантайұлы Ақкөл аудандық мәслихатының №4 бірмандатты сайлау округі бойынша депутат болып сайланды. Сессияға қатысушылар жаңадан сайланған депутатты құттықтап, оған табыс пен жемісті қызмет тіледі.
Талқылау нәтижесінде депутаттар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады.