Аудандық мәслихаттың кезекті 46 сессиясы

Аудандық мәслихаттың кезекті 46 сессиясы

Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында Ақкөл ауданының әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді.

            Ол өз сөзінде экономика, әлеуметтік саясат, білім, денсаулық сақтау, инфрақұрылым салаларындағы жетістіктерге тоқталып, биылғы жылы атқарылған жұмыстардың негізгі бағыттарына кеңінен тоқталды. Халықтың әл-ауқатын арттыруға, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға, ауданды одан әрі дамыту жоспарларына баса назар аударылды.            Есепті тыңдаған мәслихат депутаттары әкімнің жұмысына оң бағасын беріп, атқарушы органдар жұмысының жүйелі әрі нәтижелі екенін баса айтты. Талқылау қорытындысы бойынша аудан әкімінің есебі бірауыздан мақұлданды.