Ақкөл № 2 мектепке дейінгі мекеме: Қауіпсіздік пен жайлылықты ескере отырып, аумақты жаңғырту

Ақкөл № 2 мектепке дейінгі мекеме: Қауіпсіздік пен жайлылықты ескере отырып, аумақты жаңғырту

2025 жылғы 14 тамызда Ақкөл қаласының әкімі Ш. Теміржанов, «Акколь-Горкомхоз» ШЖҚ КМК директоры Д. Бекеновтер құрамындағы комиссиямен Гагарин көшесінде орналасқан № 2 мектепке дейінгі мекеме аумағын, кіреберіс жолдарын және автотұрақты аралап, тексеру жұмыстарын жүргіздік.
Тексеру барысында балабақша аумағында еріген және жауын-шашын суларын жиналудан сақтау мақсатында су бұру құбырын орнату қажеттілігі анықталды. Сонымен қатар, ата-аналар мен мекеме қызметкерлеріне ыңғайлы әрі қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін кіреберіс жолдар мен автотұраққа грейдерлеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды.
Аталған шараларды іске асыру нысанның инфрақұрылымын айтарлықтай жақсартып, балалардың жайлы әрі қауіпсіз жағдайда болуына, сондай-ақ келушілердің қолайлылығын арттыруға мүмкіндік береді.