«Ерназар-Наумовка» жолын орташа жөндеу.

«Ерназар-Наумовка» жолын орташа жөндеу.

Бүгінгі күні «Ерназар – Наумовка» КС-АК-1 аудандық автожолын орташа жөндеу жобасын іске асыру өндірістік кестеден қалып отыр, бұл жергілікті тұрғындардың алаңдаушылығын тудырып, негізді наразылығын туғызуда.

            Осыған байланысты нысан аудандық мәслихат депутаттарының ерекше бақылауында. Бас мердігер «Сервис НС» ЖШС-не атқарылған жұмыстардың қарқыны мен сапасын арттыру талабымен ресми хаттар жолданды.

            Ағымдағы жылдың 29 шілдесінде аудандық мәслихаттың төрағасы С.Абаханов және «Аманат» партиясы аудандық филиалының төрағасы Б.Умербаев, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Р.Найманов және ауылдық округ әкімі З.Шәріповамен бірлесіп, оқиға орнында тексеру жүргізді. Сапар барысында мердігерге нақты ескертулер беріліп, кемшіліктерді жою жөнінде тапсырмалар берілді.            Жобаның орындалу барысы техникалық талаптар мен келісім-шарт талаптарына сәйкес жұмыс толық аяқталғанша мәслихат депутаттарының тұрақты бақылауында болады.