Ауданда жүзеге асырылып жатқан жобаларға жоспарлы мониторинг жүргізу аясында Ақкөл аудандық мәслихатының төрағасы С.Ш. Абаханов, аудандық мәслихат депутаты Н.Көкен және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Р.Д.Наймановпен бірге қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аудандық Ерназар-Наумовка автожолына барды

Нысанның ағымдағы жағдайымен танысу және жөндеу жұмыстарының мерзімі мен сапасына сәйкестігін тексеру. Өйткені мердігердің жұмысы бекітілген өндірістік кестеден қалып отыр.
Халық қалаулылары мердігерге артта қалуды тез арада жойып, құрылыс қарқынын жеделдету шараларын қолға алу керектігін айтты. Орындалған жұмыстардың сапасына, техникалық регламенттер мен қауіпсіздік стандарттарының сақталуына ерекше назар аударылды.
Аталған жобаны жүзеге асыру жұмыстарын аудандық мәслихат депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелері қадағалайтын болады.