Депутаттардың сайлаушылармен кездесуі

Депутаттардың сайлаушылармен кездесуі

2025 жылы 15 мамыр күні №10 сайлау округі бойынша сайланған Амангелді аудандық мәслихатының депутаты Сыздықов Жанат Хайроллаұлы Жаңаауыл жалпы білім беретін мектебінде сайлаушылармен кездесу өткізді. Кездесуде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасап, «Таза Қазақстан» акциясы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берілгеннен кейін, ауыл тұрғындарын толғандырып жүрген мәселелер тыңдалды. Ауыл тұрғындары Амангелді-Үрпек тас жолының жағдайы туралы сұрақтары мен ұсыныстарын жасады.
Депутат тұрғындар тарапынан айтылған барлық ұсыныстарды бақылауға алып, тиісті жергілікті атқарушы органдарға депутаттық сауалдар жолданатынын жеткізді.