
Бүгін аудандық мәслихат төрағасы Нұрлыбек Бөгетбайұлы Әлмағамбетов ZOOM бағдарламасы арқылы Амангелді аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясын өткізді. Кезектен тыс сеcсия Instagram әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде жүргізілді.
Сессияның жұмысына Амангелді аудандық мәслихатының депутаттары, аудандық мәслихат аппаратының басшысы, аудан әкімдігінің мемлекеттік мекеме басшылары және аудандық мәслихаттың қызметкерлері қатысты.
Депутаттар алдын ала сессияның барлық материалдарын алды және шешімдердің жобаларымен және баяндамаларымен толық таныса алды.
«Аудандық жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы ережені бекіту туралы» бірінші сұрақ бойынша Амангелді ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы Әли Алмасұлы Қарғабай хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе Мәслихаттың 2024 жылғы 15 мамырдағы №89 «Амангелді ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Амангелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айтжан Тойкенұлы Ибраев хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе Мәслихаттың 2021 жылғы 2 сәуірдегі №30 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Аталған мәселе бойынша Амангелді ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Мұрат Сәлімжанұлы Сакетов хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып болған соң шешім қабылданып, сессия өз жұмысын аяқтады.