
2025 жылы 24 сәуірі күні №9 сайлау округі бойынша сайланған Амангелді аудандық мәслихатының депутаты Койгельдина Айслу Әнуарқызы Тасты жалпы білім беретін мектебінде сайлаушылармен кездесу өткізді. Кездесуде мәслихатта атқарылып жатқан жұмыстар туралы және ағымдағы жылға қандай жоспарлар бар екені жөнінде айтылды. Ауылда көшедегі жарық шамдарын көбейту туралы ұсыныстарын жасады. Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» акциясы бойынша аудан бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, ауыл көшелерінің, үй аулаларын, мекемелер маңайын тазарту жұмыстарын жүргізілуге бағыт-бағдар берілді. Атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берілгеннен кейін, ауыл тұрғындары шешімін күткен мәселелерді көтерді.
Депутат тұрғындар тарапынан айтылған барлық ұсыныстарды бақылауға алып, тиісті жергілікті атқарушы органдарға депутаттық сауалдар жолданатынын жеткізді.
Айслу Әнуарқызы проблемалық тұстарды көрсетіп, өмір сүру жағдайын жақсартуға ұсыныстар білдірген барлық азаматтарға алғысын білдіріп, кездесуде көтерілген барлық мәселелер мен тілектер жеке бақылауына алынатынын айтып өтті.