"25 қазан — Республика күні" құттықтау!

"25 қазан — Республика күні" құттықтау!

Қадірлі жерлестер!

Баршаңызды Ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке біртұтас Қазақстанның берекесі мен бірлігінің, әрбіріміздің туған өлкемізге деген шексіз сүйіспеншілігіміз бен адал еңбегіміздің нәтижелі нышаны деп білемін.

Тарихи мәні терең, идеологиялық жүгі жоғары айтулы күн еліміздің бүгіні мен ертеңіне адал қызмет ететін, ерен істер мен елеулі бастамаларды жалғастыратын барша азаматтың отаншыл рухын оятып, сенім мен жауапкершілік сезімін қалыптастырады.

Еліміздің кемелдену жолында бірлікті ту етіп, адал еңбектің құндылығын биік қоятын аудан жұртшылығы ұлық мерекенің ұлағатын кейінгі ұрпаққа кеңінен насихаттау тізгінін жалғастырады деп сенемін.

Қадірлі Амангелділіктер!

Осы айтулы мерекеге орай, Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасылық бақыт пен қызметтеріңізге сәттілік тілеймін!

Бұл мереке еліміздің еркіндігін, қуаттылығын және гүлденуін білдіреді. Аспанымыз бейбіт, пейіліміз таза, жұртымыз бір үлкен отбасыдай ынтымағы жарасып, жүрегіміз мемлекетімізге деген мақтаныш сезіміне бөленіп, бірлік пен түсіністікке ұмтылып, жемісті еңбек бақытты болашақтың сенімді кепілі болғай! Мереке құтты болсын!

 

                   Амангелді аудандық

              мәслихатының төрағасы                                                               Н. Әлмағамбетов