8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі құтты болсын!

8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі құтты болсын!

Құрметті аналар, аяулы арулар!

Сіздерді жер-дүниені шуағына бөлеп, тыныс-тіршілігімізге нәр берген көктемнің шұғылалы мерекесі – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіз еліміздегі бейбіт тірліктің, мызғымас бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да Әйел-аналар қауымы!

Әйел жанының жылулығы мен сұлулығы, мейірімділігі мен кеңдігі әлемге рух беріп келеді. Біздің ата-бабаларымыз әйел жаратылысының маңыздылығын «Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербейді» деп бір ауыз сөзбен жеткізген.

Нәзік жандардың аялы алақаны, нұрлы жүзі, жан шуағы әрбір отбасын ғана емес, бүкіл ғаламды ортақ адамзаттық биік мақсаттарға ұмтылдырып, бейбіт те берекелі ғұмыр кешуге үндеп келеді.

Қазіргі таңда ауданымыздағы түрлі салада қажырлы еңбек етіп, білім, мәдениет пен өнердің шыңына көтерілген, ауданымыздың саяси-экономикалық және әлеуметтік дамуы мен өркендеуінде, билік пен бизнесте парасаты мен пайымын, біліктілігін, танымы мен талғамын аямай еңбектеніп жүрген әйел қауымы аз емес. Сонымен қатар, зейнет демалысына шықса да аудан өміріне белсене қатысып, өз білімдерін, тәжірибелерін қосып жүрген аналарымыз жетерлік.

Татулық пен бірліктің іргесі бекем болуы біздің жаны нәзік, тәні берік жандар – Аналардың, арулардың арқасы.

Құрметті аналар, сүйкімді әпке-қарындастар, аяулы арулар!

Көктем гүлімен, отбасы ана нұрымен көркем. Көркем көктеммен келген мерекеде Сіздерге тек ізгілік тілеймін! Әрдайым ақпейіл де қамқор, адал да үлгілі қалыптарыңыздан талмай жүре беріңіздер.

Отбасыларыңызға бақ-береке, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге толағай табыс, шуақты күндеріңіздің көп болуын тілеймін!

 

 

Аудандық мәслихат төрағасы                              Қ.Кеделбаев