Амангелді аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері аудандағы шығармашылық, спорттық орталықтарға мониторинг жүргізді

Амангелді аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері аудандағы шығармашылық, спорттық орталықтарға мониторинг жүргізді

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №73 бұйрығына сәйкес бекітілген Қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына негізделген Амангелді аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері аудандағы шығармашылық, спорттық орталықтарға мониторинг жүргізді. Атап айтқанда «Бөпежан» ЖК, «Zerdely_ortalygy» ЖК, «Жулдыз» ЖК, студия «Жулдыз+» ЖК сынды үйірме орталықтарын аралады. Ауданымызда жоғарыда атап өткен орталықтарда барлығы 10 үйірме жұмыс жасайды. Мониторингтік топтың мүшелері үйірмелердің барлық талаптарға сәйкес құрал-жабдықтармен және үйірме қатысушаларына қаншалықты толық жағдай жасалғанымен танысты. Мониторингтік жұмыс барысында кейбір үйірмелердің толық жабдықталмағандығы анықталып, алдағы уақытта аталған мәселелер бойынша жұмыстар жасалып, үйірме басшыларына талапқа сай жағдай жасау керек екендігі ескертілді.