ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 19 бабы 6 тармағының 1) тармақшасына сәйкес өз еркімен сайлау комиссиясы құрамынан шығуына байланысты Амангелді ауданының сайлау комиссиясының мүшелері өз міндеттерін атқарудан босатылды.

Амангелді аудандық мәслихатының жұмыс тобы босаған сайлау комиссияларының орындарына 2021 жылдың 25 маусымнан 9 шілдеге дейін саяси партиялардан сайлау комиссиясының мүшелігіне өз кандидаттарының ұсыныстарын қабылдайды.

  1. № 220 Учаскелік сайлау комиссиясы – 1 орын.

  2. № 239 Учаскелік сайлау комиссиясы – 1 орын.

  3. № 240 Учаскелік сайлау комиссиясы – 1 орын.

Саяси партиялар мен басқада қоғамдық ұйымдардың жұмыс тобына тапсыратын құжаттары:

1) Белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

2) Тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің ) шешімі, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірмесі;

3) Саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) Кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары,сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары,әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс. Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2021 жылғы 9 шілдеге дейін. Дүйсенбі-жұма күндері 9.00-18.00-ге дейін жүргізіледі. Үзіліс сағат 13.00-14.30-ға дейін.

Мәслихаттың орналасқан жері: Амангелді селосы, Б.Майлин көшесі, 14 үй. Байланыс телефондары : 21-531, 23-781.