Мәслихат депутаттарының халықпен кездесуі

Мәслихат депутаттарының халықпен кездесуі

Аудандық мәслихат депутаттары мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкесті әр округте сайлаушылармен кездесулер өткізуде. Амантоғай ауылдық округінде мәслихат хатшысы Қ.У. Кеделбаев, депутат М.М. Досымов және Ж.А. Бижанова ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында ауыз судың сапасының нашарлығы айтылып, депутаттар тиісті жауапты мекеме басшылығымен, ауыл әкімімен аралап өз көздерімен көріп қайтты.

Қарасу ауылында өткен кездесуде депутат С.С. Даугаринге ауыз судың мәселесін және мектептің жөндеу жұмыстары туралы мәселелер айтылды. Сонымен қатар мал шаруашылығы туралы, жайылымда маусымдық кезеңде мал ішетін суды ұстап қалу жайын ортаға салды. Сәт ауылына су тарту мәселесі қозғалды.

Аудан орталығы Амангелді селосында болған кездесу барысында депутат Е.С.Давлетов, М.М.Досымов және А.Ж.Сабыршинов сайлаушылардың талап-тілектерін тыңдап, ой бөлісті. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Ж.Дауылбай, Ж.А.Махатов, Б.Нұрсейітов, А.Төлегенов, Б.Нұрғожин өздерін, аудан халқын толғандырып жүрген күрделі мәселелерді ортаға салды.

Ауданның тарихи мекен екенін, талай қиын қыстау кезеңдерді, қазақ халқының тарихындағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс біздің Амангелді ауданында алғашқылардың бірі болып бастау алғанын, одан кейінгі ашаршылықта қаншама адам, көбі бізде қырылған, 1929 жылғы Кеңес үкіметіне қарсы ірі көтерілістің ошағы да біздің ауданда болған, кейін 1937 жылғы қуғын-сүргінге ауданның бетке ұстар азаматтары жазықсыздан жазықсыз айдалып, опат болды.

Бірақ ауданда 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы тарихтан сыр шертетін белгілер бар да, қалған тарих болмағандай. Ал енді, Ұлытау-Жезқазған азаматтары үдере көшіп, ашаршылықта қырылған біздің ата-бабаларымызға «Балбұлақ» деген жерді қоршап, белгі қойды. Батпаққарадан Қарсақбайға барып көтеріліс ұйымдастырған, Кеңестік тәртіпсіздікке қарсы көтерілген азаматтарға ескерткіш тақта орнатқан. бұл бізге үлкен сын. Ел президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкесті Қазақстан бойынша, біздің ауданда да тиісті комиссиялар жұмыс жасап жатыр. Тізімдері бар. Ауданда бір ғана мұражайға қарап отырмыз. Келешекте Өлке тану мұражайын ашу кезек күттірмейтін шаруа. Сонымен қатар, ашаршылықта, қуғын-сүргінге байланысты, ауқымды үлкен биік жерге Ескерткіш қою қажеттігін баса айтты. Ауданда идеологиялық жұмыстардың жүргізілуін басты назарда ұстау қажеттілігі қатты айтылды. Күнделікті тіршіліктегі басқа да мәселелер ортаға салынды. Депутаттар бар мәселелерді тыңдап, тиісті өздерінің сауалдарын жолдайтындығын айтып, қорытындылады.