Амангелді аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Амангелді аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

2026 жылдың 20 ақпанында Амангелді аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Н.Әлмағамбетов ашып жүргізді.
Амангелді аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясына 9 депутат қатысты.
Сессияның күн тәртібіндегі қаралған мәселер:
1. Мәслихаттың 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №188 «Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтерінің 2026 – 2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Хабарламашы: Мұрат Сәлімжанұлы Сакетов - аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.
2. Мәслихаттың 2019 жылғы 05 қыркүйектегі №322 «Амангелді ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
3. Мәслихаттың 2019 жылғы 05 қыркүйектегі №321 «Амангелді ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы. 2, 3-мәселелер бойынша хабарламашы: Мейрамбек Ақылтайұлы Мұңдыбеков - аудан әкімі аппаратының құқықтық және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы.
4. Кейбір округтік, учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына жаңадан комиссия мүшелерін сайлау туралы. Хабарламашы: Еркебұлан Ахмедияұлы Молдахметов - аудандық мәслихат аппаратының басшысы.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып болған соң шешім қабылданып, сессия өз жұмысын аяқтады.