
2026 жылдың 12 ақпан күні аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселері жөніндегі және білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Комиссия отырысының күн тәртібінде мынадай мәселер қаралды:
1. «Денсаулық сақтау саласында халыққа медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін, аурудың алдын алу шараларының жүргізілуін, кадрлық қамтамасыз етілуде атқарылып жатқан жұмыстар барысы туралы».
2. «Аудан мектептеріндегі және Ә.Боранбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп интернатындағы оқушыларға берілетін ыстық тамақтың сапасы мен қолжетімділігіне қатысты мәселені қарау туралы».
Отырыс алдында комиссия мүшелері аудандық орталық аурухана жұмысымен және аудан орталығындағы мектептердің оқушыларға берілетін ыстық тамақ сапасымен танысып қайтты.
Бірінші мәселе бойынша Амангелді аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Жанар Рамазанқызы Каканованы тыңдады.
Екінші мәселе бойынша Қостанай облысы әкімдігі білі басқармасының «Амангелді ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Мұрат Сембайұлы Дихамбаев баяндама жасады.
Отырыс соңында баяндамашыларға ұсыныстар жасалып, қаулы қабылданды.