ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 19 бабы 6 тармағына сәйкес Амангелді ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері өз міндеттерін атқарудан босатылды.

Амангелді аудандық мәслихатының жұмыс тобы босаған сайлау комиссиясларының орнына 2026 жылдың 20 ақпаннан 6 наурызға дейін саяси партиялардан учаскелік сайлау комиссиясының мүшелігіне өз кандидаттарының ұсыныстарын қабылдайды.

  1. № 232 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 орын.
  2. № 242 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 орын.

Саяси партиялар мен басқада қоғамдық ұйымдардың жұмыс тобына тапсыратын құжаттары:

1) сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматында;

2) тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері.

Сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған (https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-amangeldi?lang=kk).

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық Заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болуға тиіс емес.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.   

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс. Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 6 наурызға дейін. Дүйсенбі-жұма күндері 9.00-18.00-ге дейін жүргізіледі. Үзіліс сағат 13.00-14.30-ға дейін.

Мәслихаттың орналасқан жері: Амангелді селосы, Б.Майлин көшесі, 14 үй. Байланыс телефондары : 21-5-31, 22-0-50.