Амангелді ауданының аумақтық сайлау комиссиясының жанындағы жас сайлаушылар Клубының жұмыс жоспарына сәйкес Клуб мүшелерінің мәслихат депутаттарымен кездесуі

Амангелді ауданының аумақтық сайлау комиссиясының жанындағы жас сайлаушылар Клубының жұмыс жоспарына сәйкес Клуб мүшелерінің мәслихат депутаттарымен кездесуі

2026 жылғы 8 қаңтарда аудандық Қ.Әбенов атындағы мәдениет үйінде Амангелді ауданының аумақтық сайлау комиссиясының жанындағы жас сайлаушылар Клубының жұмыс жоспарына сәйкес Клуб мүшелерінің мәслихат депутаттарымен кездесуі өтті.
Кездесу барысында ауданымыздағы өзекті мәселелер, жастардың белсенділігі мен жауапкершілігі, азаматтық ұстаным және сайлау мәдениетінің маңызы талқыланды. Қатысушылар өз ой-пікірлерін білдіріп, сұрақтарын қойды. Кездесу ашық әрі мазмұнды форматта өтті.
Кездеcуге аудандық мәслихат төрағасы Нұрлыбек Бөгетбайұлы Әлмағамбетов, аудандық мәслихат депутаттары, жастар ресурстық орталығының өкілдері, аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері және жас сайлаушылар Клубының мүшелері қатысты.